2026 жылдың 17 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай өңірінің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан тұлға - көрнекті қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметтің өмір жолы, шығармашылығы, қызметі жайлы әңгімеледі. Ақылбек Қожаұлы бүгін 75 жасқа толып отыр. Алау телеарнасының көрермендеріне ақынның музей қорынан алынған жеке заттары - сағаты, қаламсабы, фотосуреттер мен құжаттары көрсетілді.