2023 жылғы 21 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында суретші-қолөнерші Мұханбетқали Рахалиевпен онлайн/офлайн форматында кездесу өтті. Суретші өзінің шығармашылық қызметі туралы баяндап берді. Шебер көптеген музыкалық аспаптар, графикалық, кескіндеме туындыларын және облыс бойынша 30-дан астам мүсін жасаған.