Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Есірткісіз әлем» Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ақпараттық-насихат акция

23.06.2023
«Есірткісіз әлем» Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ақпараттық-насихат акция

2023 жылғы 23 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз әлем» ақпараттық-насихат акциясы өтті. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары алдында Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ерәділова Айгүл Қабденқызы, облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Бисембаева Гүлсім Айтжанқызы сөз сөйлеп, есірткінің жастардың денсаулығына тигізетін зияны туралы айтып берді. Акцияға қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу және оны насихаттауға қарсы ақпараттан тұратын бүктемелер таратылды.