Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Шексіз тарих беттері» және «Шабыт көзі» көрмелерінің ашылуы

12.08.2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Шексіз тарих беттері» және «Шабыт көзі» көрмелерінің ашылуы
2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Шексіз тарих беттері» және «Шабыт көзі» атты екі көрменің ашылуы өтті. «Шексіз тарих беттері» көрмесінде келушілердің назарына музейдің қор жиынтығын ғасыр бойы толықтырған жәдігерлер ұсынылды. Олардың ішінде тас дәуірінен қазіргі заманға дейінгі зергерлік бұйымдар; қазақтың дәстүрлі киімдері мен оның элементтері; қарулар мен қоныс аударушылардың тұрмыстық заттары бар. Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Шабыт көзі» көркемсурет көрмесінде ХХ ғасырдың екінші жартысында елдегі ауқымды өнеркәсіптік қайта құру кезеңінде жасалған көркем және графикалық туындылар ұсынылды. Осы тарихи кезеңде бейнелеу өнерінде адамның еңбек қызметін көрсететін жаңа тақырыптар мен жанрлар белсенді түрде қалыптасты: индустриалды ландшафт, жұмысшының салтанатты және лирикалық портреті, өндірістік ұжымның топтық портреті. Көрмелер бір ай бойы көрсетіледі.