2025 жылдың 13 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Кикова Балым «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында мүсінші Хәкімжан Наурызбаев туралы әңгімеледі.
Хәкімжан Наурызбаев - қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
Хәкімжан Наурызбаевтың жұмыстары Қостанай облыстық тарихи- өлкетану музейінің қорында бар, атап айтсақ «Абай Құнанбаевтің» бюсті, «Амангелді Имановтің» бюсті, «Жас Жамбылдың» мен «Құрманғазының» және «Абай Құнанбаевтің» эскизі.