Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және олардың мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы рөлі» - музей оқулары

10.04.2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және олардың мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы рөлі» - музей оқулары
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және олардың мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы рөлі» - музей оқулары 2025 жылы 10 сәуірде «Қоғамдық келісім» КММ-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына орай «Музей оқулары» жобасы өтті. Атаулы іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі, PhD доктор Ардаби Маулет қазіргі өзекті мәселелердің бірі «Материалдық емес мәдени мұра» туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар «Музейлер және олардың мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы рөлі» тақырыбы аясында музейдің ғылыми хатшысы Оташева Н.Қ., А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпов Р.Б., Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайының бас қор сақтаушысы Шектыбаева Н.Т. баяндама оқыды. Музей оқулары барысында Қазақстан ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған материалдық емес мәдени мұра элементтері, музей заттары кешенін іріктеудің әдістемелері және т.б өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, шараға Қостанай облысының мәдениет, білім, спорт мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, студенттер мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.