Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі залында бірегей археологиялық топтаманың ең көне жәдігері – сүйек конькилері қойылды. Ақпараттық стендте әртүрлі халықтар арасында коньки жасау үшін қолданылатын материал түрлері мен бекіту әдісі туралы қысқаша ақпарат ұсынылды.