Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Музейлік патруль»

26.07.2024
«Музейлік патруль»
14 мамырдан 17 мамыр аралығында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық музейлер күніне орай «Музейлік патруль» атты акция өткізді. Өткен дәуірлердің киімін киген музей қызметкерлері Алтынсарин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысы, Сити орталығы бойынша жүріп, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихы туралы білімдері бойынша қостанайлықтар арасында сауалнама жүргізіп, 18 мамыр қандай мереке екенін айтып, шағын кәдесый сыйлайды. Сондай-ақ «Музей түні-2024» интерактивті акциясына шақырып, бағдарламалар таратты.