Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Музейдің қор коллекциясындағы кескіндеме және графика жұмыстарының «Сырлы әлем саңылақтары» атты көрмесінің ашылуы.

26.07.2024
Музейдің қор коллекциясындағы кескіндеме және графика жұмыстарының «Сырлы әлем саңылақтары» атты көрмесінің ашылуы.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында музейдің қор коллекциясындағы кескіндеме және графика жұмыстарының «Сырлы әлем саңлақтары» атты көрмесі ашылды. Келушілер Салихиддин Айтбаевтың, Василий Арлашиннің, Эмилия Бабадтың картиналарын, сондай-ақ Қадырбек Қаметов, Исатай Исабаевтың графикалық жұмыстарын тамашалай алады. Ұсынылған туындыларда қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі арқылы, табиғатының көркемдігі, туған халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бейнеленген. «Сырлы әлем саңлақтары» атты көрмені мына мекенжай бойынша көруге болады: Алтынсарин көшесі,113.