Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2026 жылғы музейлер күнінің тақырыбы – «Бөлінген әлемді біріктіретін музейлер».
Қала тұрғындары мен қонақтары 18 мамыр күні сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін «Музей түні - 2026» интерактивті жобаға белсене қатысты Мерекелік кеште қостанайлықтарға түрлі бағдарламалар ұсынылды: қызықты көрмелер мен шеберлік сабақтары, шығармашылық викториналар, музыкалық бағдарламалар және т.б.
Жоба аясында «Шағын экзотариум» - экзотикалық жануарлар көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Қазақ бренд» ұлттық тағамдар көрмесі, «Temir Tumen» тарихи реконструкция клубының қару-жарақтары көрмесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі С.Шалунованың «Палитра жизни» атты дербес көрмесі және А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Көктем мен шығармашылық мерекесі» атты көрмесі жұмыс жасады.
«Өткеннен кино» атты AI-анимацияланған қала өмірінен алынған фотосуреттерді жандандыру және «Заң және тәртіп» қағидаты аясында полиция департаменті қызметкерлерінің «Көлеңкедегі театр» атты қойылымы көрсетілді. Сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай Роботтармен кездесу өтті.
Ерекше әсер сыйлайтын «NAPOKAZ» модельдік агенттігінің дефилесі көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл ерекше кеште балалар мен ересектер музей қорынан алынған артефактілер бойынша «Археологиялық лотоға», «Шындық немесе ойдан шығарылған ба?» - интерактивті викторинаға, сауыт торын тоқу бойынша және қостанайлық суретшілердің «Сурет салу» бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.
Әр келушіге Қостанай облысының 90 жылдығына арналған үлестірме материалдар (бүктемелер, ашық хаттар, күнтізбелер) таратылды.