2026 жылғы 13 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Айсұлу Қабдрахманова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорындағы қазақ халқының ұлттық киімдері тарихынан әйелдердің бас киімдері – кимешек, жаулық, орамал, тақия, сәукеле, бөрік т.б. туралы әңгімеледі. Көрермендерге музей қорынан алынған музей заттары және фотосурет ұсынылды.