Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты зияткерлік ойын өткізді.
2026 жылғы 2 маусым күні музей қызметкерлері мектепке барып, оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызымен таныстырды. Кездесу барысында балалар зияткерлік ойындарға, викториналар мен байқауларға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Белсенді қатысушылар шағын естелік сыйлықтармен марапатталды.
https://kraeved-kst.kz/kz/news-kz/zha-aly-tar/memlekett-k-r-m-zder-lt-ma-tanyshy-r-memlekett-k-r-m-zder-k-n-ne-arnal-an-ziiatkerl-k-oiyn.html#sigProGalleria30433d44e7







