Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6697 әскери бөлімінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы материалдары негізінде дайындалған «Ауыр жылдар естелігі» атты жергілікті тарих құжаттамасы тақырыбында дәріс оқылды.
Әскери қызметшілерге арналған дәрісті музей қызметкері Палаева В.Ф. жүргізді. Кездесу барысында ел тарихының қайғылы беттерін, қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың тағдырын және тарихи естеліктерді сақтаудың маңызын баяндайтын архивтік құжаттар, фотосуреттер мен тарихи материалдар ұсынылды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың өткен тарихты тереңірек түсінуіне, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Өткенді ұмытпау - келер ұрпаққа аманат етілетін тарихымыздың маңызды бөлігі.