2023 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркемсурет мектебінің «Өнер көшірмеде. Шеберлік көрінісі» атты көрмесі ашылды.
Көрмеге оқушылардың 60-тан астам тақырыптық жұмыстары ұсынылған. Көрме көркемсурет мектебінің дәстүрлі шығармашылық есеп беруі болып табылады. Аталған көрмеге 9 жастан 69 жас аралығындағы үйренушілердің жұмыстары қойылды.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.