2023 жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Амангелді Иманов туралы айтты. Әңгіме барысында музей қорындағы Амангелді Имановқа тиесілі фото-құжаттар көрсетілді.