Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Графиканы ұсынамын» атты дербес көрме

13.10.2023
«Графиканы ұсынамын» атты дербес көрме

2023 жылдың 13 қазанында сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозици залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Графиканы ұсынамын» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті.

Дербес көрмеде автордың графикалық жұмыстарымен қатар, тақырыптық композициялары, пейзаждар, этюдтер және портреттер жанрындағы 77 картина ұсынылды.

Вадим Быков өмірін жиырма жылдан астам уақыт бойы шығармашылық жұмысқа арнады. Осы уақытқа дейін 17 рет жеке көрме ұйымдастырды. Суретшінің жұмыстары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Астана  және Алматы қалаларының музей қорында және жеке коллекцияларда сақтаулы.

Вадим Быковтың «Графиканы ұсынамын» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.