Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды

17.10.2023
Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды. Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б.Атамұратов музей ұжымына Мендекинова Гүлжан Ермашқызын таныстырды.

Гүлжан Ермашқызы 1962 жылы 31 наурызда Қостанай облысы Ленин ауданы Энгельс ауылында дүние келген. 1982 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Боровской ПТУ-19 комсомол комитетінің хатшысы болып бастап, Архипов орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №1 Боровской орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бас маманы, №1 Боровской орта мектебінің директоры, Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қостанай облысының білім департаменті бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырушылық-әкімшілік бөлімінің бастығы, Қостанай облысы әкімдігінің архив  және құжаттама басқармасы бастығы, 2017-2021жылдары Қостанай әкімдігінің тілдерді дамыту басқарамасының басшысы қызметтерін атқарды. 2022 жылы Қостанай әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болған.

Гүлжан Ермашқызын жаңа қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау жолында  жаңа ізденістер тілейміз!