Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ескерткіштегі есімдер» - Жеңіс күніне арналған музейлік іс-шара

06.05.2025
«Ескерткіштегі есімдер» - Жеңіс күніне арналған музейлік іс-шара
2025 жылдың 6 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ескерткіштегі есімдер» атты музейлік іс-шара өткізді. Шара Жеңіс саябағында, №6 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін ұйымдастырылды. Квест барысында шифрлы орындармен алдын ала белгіленген бағыттар бойынша логикалық ойжұмбақтарды, викториналарды көрсететін бірқатар тапсырмалар орындалды. Зияткерлік шытырман оқиғалар қатысушыларға қаланың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғалары мен шайқастары, батырлар туралы білуге көмектесті. Іс-шара соңында музей қызметкері балаларға Жеңіс саябағы бойынша экскурсия жүргізді.