«Ерлік мәңгі өшпейді» - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жеңіс саябағы бойынша экскурсия
06.05.2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Рудный қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнет жасындағы адамдарға «Ерлік мәңгі өшпейді» атты Жеңіс саябағы бойынша экскурсия ұйымдастырды. Музей қызметкері қатысушыларды естелік қабырғасы, Кеңес Одағы Батырларының ескерткіштерімен және ашық аспан астындағы музеймен таныстырды.