24 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы күніне орай «Егемен ел шежіресі» атты зияткерлік тимбилдинг өтті. Шараға Қостанай қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Олар туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдениеті жөніндегі білімдерімен, шешендік өнерлерімен сайысқа түсті. Шара соңында оқушыларға мақтау қағаздары мен кәдесыйлар табыс етілді.