2023 жылдың 27 қазанында сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында жас суретші, «Біз» атты жеке көрменің авторы Екатерина Артемьевамен кездесу өтті.
Суретшімен кездесуге А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары келді. Кездесу барысында суретші қатысушылармен сұхбаттасты. Кездесу соңында Екатерина Артемьева қонақтарға шеберлік сабағын өткізді.