2023 жылдың 20 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уалихановтың өмірі мен қызметі жайлы әңгімеледі. Әңгіме барысында музей қорындағы Шоқан Уалиханов жайлы сыр шертетін фото-құжаттар көрсетілді.