15 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қостанай Суретшілер одағының төрағасы, Қостанай меценаттар клубының "Қазына" сыйлығының лауреаты Вадим Быковпен кездесу өтті. Суретшімен кездесу "Өлке тарихымен ұштасқан отбасымның тарихы" тақырыбында әңгімелесу түрінде өтті, онда қонақ тыңдаушылармен ұзақ ғасырлар бойы берік отбасылық одақ құру туралы бөлісті.