Наурызым қорығы

27.11.2020
Наурызым қорығы

Орталық Азиядағы көне қорықтардың бірі Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы бірегей табиғи жиынтық болып табылады. Солтүстік Қазақстанның далалы ландшафттарын сақтау үшін құрылған қорықтың құрамына ірі көл жүйелері және алуан түрлі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай қарағайлы және ұсақ жапырақты шоқ ормандар кірген.

Қорық РКФСР Халық Кенесі Комиссарының №826 Қаулысымен 1931 жылдың 30 шілдесінде құрылған.

Қаулыны 1934 жылы 30 қыркүйекте Қазақ Атқару комитеті Президиумы мен Қазақ КСР Халық Кеңесі Комиссары макұлдап, бекітті.

Қорық алғашында құрамына көлемі 250 мың га даланы енгізіп, екі ірі бөліктен тұрған.  1936 жылы қорық 320 мың гектарға дейін кеңейді. Кұрылғаннан бастап оның аумағы бірнеше рет өзгерді. 1951 жылы Наурызым қорығы Кеңестік Одақтағы баска да қорықтар сияқты орынсыз таратылды, ал оның орнына Наурызым орман шаруашылығы кұрылды. Қорық аумағына 1966 жылы ғана қайта тәртіп келтіріліп, құрамына 85,7 га жер енгізілді. Қазіргі кезде қорықтың жалпы көлемі (2004 жылдан бастап ) 191,4 мың гектарды құрайды.

2008 жылы 7 шілдеде Квебек қаласында өткен Канада ЮНЕСКО-ның 32 сессиясында Наурызым  қорығы  «Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» номинациясы бойынша ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізілді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін236   Кеше265   Бір аптаның ішінде501   Айында6516   Барлығы308779  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі