Ұлы Жеңіске арналған «Қасіреті естен кетпейді!» атты театрландырылған әдеби-сазды композициясы шеңберінде «Майданнан келген хаттар» акциясы өтті. Шара барысында қатысушыларға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған майдан хаттарын оқуға мүмкіндік берілді. Ол үшбұрыш хаттар - ұрыс даласында жүріп үйіне, ата-анасына, туған-туысына амандығын білдіріп жазған сарбаздардың жан сыры. Уақыт өткен сайын құнды жәдігерге айналған хаттарды оқи отырып, туған жер мен мыңдаған шақырым қашықтықты жалғаған бір бума сарғайған қағаздан сағыныш пен қайғы-қасіретті байқау қиын емес…