Шапан – қазақтың сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. ХХ ғасырдың аяғы. Парша, жібек, тесьма. Музейге 1927 жылы Қостанай губерниялық комитеті тапсырған. Қарабалық ауданының ауылында тұрған бай Алдияровтың отбасынан алынған. Шапан бухар матасы – паршадан дайындалған. Қызыл күрең түсті жиегіне алтын жіппен гүлді өрнектер кестеленген. Екі өңірі мен жеңдеріне түрлі-түсті тесьма тігілген. Астары бухар жібегінен. Шапанның сақталуы өте нашар, матасы тозғандықтан жыртылған, қайта жаңартуды қажет етеді.