Қамзол. ХІХ ғасырдың аяғы. Барқыт, парша, алтын жіппен кестеленген, пайеткалар. Қостанай губерниялық комитеті 1927 жылы тапсырған, Алдияровтар отбасынан тәркіленген. Қамзол – әйелдер киімі ішінде ерекше орын алады.Қыз-келіншектер қамзолмен киетін тақия, етіктерінің өңдерін біріңғай етіп таңдап киген. Қызыл барқыттан алтын жіппен зерделеніп тігілген. Өсімдік тәрізді өрнек түсірілген. Сыртқы жағына пайеткалар тігілген. Астары мақта-матадан тігілген. Қалталары көгілдір барқыттан салынған. Қамзол тозған күйде түсті. Алматылық Т.К. Жайлаубаева 1994 жылы қайта өңдеп, қалпына келтірді.
Жаулық. Жібек, кесте. 1982 ж. Музейге 1993 жылы Қамысты ауданындағы Қарабатыр кентінің тұрғыны Хомбайн Хавди тапсырды.
Көйлек. Қызыл түсті жібек, мақта-мата, ХХ ғасырдың 50-ші жылдары, музейге 1986 жылы Челябі
облысының (Ресей) Ново-Акуново кентінің тұрғыны А.Қ.Мақұлбаева тапсырды.