22 марта – Ұлыстың Ұлы күні

24.03.2022
22 марта – Ұлыстың Ұлы күні

Наурыз - қазақтар мен Азияның көптеген халықтарында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы мен жаңа өмір бастауы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Наурыз мейрамы әрқашанда көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптармен, балуандар сайысымен, суырып салма ақындар айтысымен, ұлттық ойындармен өтеді. Жастар алтыбақанның жанына жиналып, көңіл көтереді.

Осы тамаша мерекенің дәстүрлерін сақтай отырып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Qostanay телеарнасымен бірлесіп «Наурыз шуағы» - этнографиялық интерактивті жобасын өткізді. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық ойындарына қатысты. Киіз үйде қазақ халқының сәндік-қолданбалы қолөнерінің түрлері: жүн сабау, ұршық иіру, кілем тоқу көрсетілді.

Қонақжай қазақ халқының дәстүрі бойынша барлық қонақтар бауырсақтан дәм татты.

 

Мереке барысында қазақтың халық әндері орындалды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін34   Кеше171   Бір аптаның ішінде733   Айында5359   Барлығы295482  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі