Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Үгітшілердің жайлауға келуі» - КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі Қанафия Телжановтың 95 жылдығына орай музейдің қор жиынтығынан бір сурет көрмесі

25.03.2022
«Үгітшілердің жайлауға келуі» - КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі Қанафия Телжановтың 95 жылдығына орай музейдің қор жиынтығынан бір сурет көрмесі

Қанапия Темірболатұлы Телжанов - кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі. КСРО-ның халық суретшісі.   1927 жылы  1 мамырда Омбы облысында дүниеге келді. Ол ауыр қиыншылықтарды көп көрді. Жетімдіктің де не екенін біліп өсті. Балалар үйінен Ленинградтағы Бүкілресейлік көркемсурет академиясының жанындағы «Жас дарындар» көркемсурет мектебіне жіберілді. Сол жерде оқып жүргенде соғыс басталды. Кейін ол жерден көшірілді. Соғыс аяқталғаннан кейін  1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, кейін Ленинградтағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген.

Суретші шығармашылығы көпшілікке жақсы таныс. Оның әрбір суреті классикалық шығарма және қазақ кескіндеме қорының алтын қорына енген. Қанапия Телжановтың дарынын көзі тірісінде мойындаған. Суретшіге көптеген жоғары марапаттар мен атақтар берілген.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде КСРО халық суретшісінің 95 жылдығына арналған музей қорынан «Үгітшілердің жайлауға келуі» атты терең мағыналық бір сурет көрмесі ашылды.