Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Нарқобыз – екі ішекті ыспалы музыкалық аспап. ХІХ ғасырдың соңы.

07.04.2021

Біздің музейдің музыкалық аспаптар топтамасында ұлттық халық шығармашылығының бірегей үлгісі - нарқобыз ұсынылған.

Нарқобыз атадан балаға отбасылық мұра ретінде сақталып келген.  Нарқобызбен бақсылық құрған - руы ноғайтілеу, 1890 ж. дүниеге келген Нұрғали Күзембаев. Ол кісіге нарқобыз ағасынан жеткен, ағасы осы нарқобызбен ұрпақсыз адамдарды емдеген. Нарқобызды 2004 жылы музейге Нұрғали Күзембаевтың келіні, Денисов ауданы Шоқыбай кентінің тұрғыны Жаңыл Көшерова тапсырған.

Нарқобыз қарағаштан ойып жасалған. Пішіні ожау тәрізді, иілген мойны және құлақ бұрауы орналасқан, жазық келген басы бар. Шанағының ортаңғы бөлігінде ойылған ағаш ақық және металл жапсырмалармен  безендірілген. Шанағының төменгі бөлігі қуыс, терімен қапталып, шеге қағылған, теріде пішіні жарты ай мен ромб тәріздес екі саңылау бар. Мойны күн белгілері бар сүйек жапсырмалармен безендірілген, жоғары бөлігінде күрең қызыл  түсті мата қалдығы мен екі моншақ сақталған.