Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Әйел қамзолы. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы.

07.04.2021

Қамзол – қазақ әйелдері киімінің дәстүрлі эленменті, оны көйлек сыртынан киеді. Тұрмыстағы бай әйелдерге осындай жеңсіз сыртқы киімді мықыннан түсетіндей ұзын қылып сатып алынған қымбат маталардан (барқыт немесе атлас) тіккен. Тұмар ретінде ойығын, қамзолдың төменгі қапталы мен етегін жібек немесе металл жіптермен зерлеген.
Әйел қамзолын 1927 жылы БК(б)П Қостанай губкомы бай мүлкін тәркілеу барысында музейге тапсырды. Қостанай округі Қарабалық ауданының №10 ауылының тұрғыны, Сарой болысының бұрынғы болыстық билеушісі Бермұхамед Алдияровтың отбасына тиесілі болған.
Қамзол қызыл барқыттан тігілген, сыртқы беті алтын жіптермен өсімдік түріндегі өрнектермен зерленіп, жылтырақтармен көмкерілген. Кеуде ойығы мен қалталары көк барқытпен, қамзолдың етегі – алтын оқалы таспамен көмкерілген. Астары мақта-мата кездемеден жасалған. Қамзолды 1994 жылы Алматы қаласының қолөнер шебері Т.К.Жайлаубаева қалпына келтірді.