Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Теркеш – кесеқап.

07.04.2021

Теркеш (кесеқап) – фарфор кеселерді сақтауға арналған қатты, былғары кесеқап, ХІХ ғасырдың соңында жасалған. Осындай тұрмыстық заттарды жасауға мықты және пішінін сақтайтындықтан түйенің терісі қолданылды. Теріні тарамыс жіптермен немесе аттың қылымен тігеді. Содан кейін бір түсті қоңыр бетін сүйір таяқтың ұшымен бедерлі өрнекпен безендіреді, кейде металл жіптермен қосымша өрнек салады.
Теркеш - кіші жүздің «достияр жаппас» тайпасының ру басы Жанғабыл Төлегеновке тиесілі болған. 1963 жылы Ж.Төлегеновтің ұрпағы Хәкімбек Қожабеков отбасылық мұраны музейге сыйға тартты.
Дөңгелек, ашпалы-жаппалы ағаш теркештің сырты тарамыс жіптермен біріктіріліп тігілген былғары бес қиықпен қапталған және бекітуге арналған жалпақ баулы былғары сапқа жалғасады. Ішкі жағы киізбен қапталған. Сырты жағы мен сабы металл жіптермен үшбұрыш түрінде зерленген. Бүйір жақтарына былғары баулар бекітілген.
Нәзік фарфор ыдыстарды сенімді түрде сақтайтын сәнді және мықты кесеқап көшпенді үшін таптырмас зат еді. Жолға шыққанда аттың ер-тоқымына іліп қояды.