Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Екі жақты құю қалыбы

07.04.2021

Тастан жасалған бірегей екі жақты құю қалыбы біздің заманымызға дейінгі  ІІ мыңжылдық деп мерзімделеді. Алексеев мәдени кешеніндегі Андронов мәдениеті ескерткішіне  жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған.

  Мұндай қалыптарға металды тікелей құймаған, ыстықтан жарылмасын немесе бітеліп қалмасын деп тас қалыпты өте бағалаған. Сондықтан оған балауыз құйған, сөйтіп балауыз үлгі жасалған. Үлгінің өзін кейде балауыздан сомдаған. Екі жағдайда да оның негізінде балшық немесе құмды қалып жасалған. Осы қалыпқа металды құйған. Отбақырдан балқытылған металды қалыпқа құюға арналған балшық немесе тас ожаулар кейінгі қола дәуірінен бастап қоныстарға жүргізілген қазба жұмыстарында жиі кездеседі. Қоныстарда қабырғасы қалың балқыту ыдыстары – отбақыр сынықтары жиі кездеседі.

Тағы бір тәсілі болды: дайын металл бұйым балшықта қалыпталған, сөйтіп балшық қалып алынған. Балшықтан жасалған қалып  Бестамақ қорымындағы жерлеу орнынан табылған. Құйылған заттарды тас балғалармен тегістеп, өңдеген.  Құйма қалыптың жартысы тиген жерде, құйылған затта - құйма тігісте бедерлі сызық қалады.