19 мамырда сағат 15.00-де картина галереясында Қостанайдың белгілі суретші-кескіндемешісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Николай Торшиннің 80 жас мерейтойына арналған «Бояу, жан және сезім тұтастығы» атты дербес көрмесінің ашылуы болды.
Галереяның екі қабатында суретшінің 1953 пен 2017 жылдар аралығында салынған 150-ге тарта туындылары ұсынылған. Бірінші қабатта кескіндеме туындылары, ал екінші қабатта нобай, суреттемелер, суреттер орын алды.
Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы Николай Торшиннің есімі қостанайлықтарға жақсы таныс. Ол Қостанай облысында туып-өскен, сондықтан да оның жұмыстарының басты тақырыбы, туған өлкесінің тарихы және мәдениеті болып саналады. Кенепте атақты жерлестер, ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлер, белгілі суретшілер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Молдахмет Кенбаев, Хәкімжан Наурызбаев және тағы басқалар бейнеленген. Н.В. Торшиннің тақырыптық жұмыстары ерекше суреттемелер, ел тарихы мен Қостанай облысының тарихынан сыр шертеді.
Николай Торшин 2005 жылы Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығына ие болды. Ол 1996 және 1998 жылдары Астана қ. Суретшілер одағының «Астана» естелік медалімен, «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды. 2013 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болған.
2013 жылы суретшінің кескіндеме жұмыстары «Ұлы даланың үлгісі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан суретшілері» атты кітапқа енген. 2016 жылы оның туындылары «Қазақстанның кескіндемесі» атты кітабына кірген. «Менің жерлестерім» жұмысы Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының 80 жылдығына арналған «Қазақ өнері» атты бес томдыққа енген.
Николай Торшиннің «Бояу, жан және сезім тұтастығы» атты мерейтойлық дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.