2017 жылы 24 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірігіп танымал қостанайлық суретшілер Н.В. Торшин және Ю.Д. Новоселовпен шығармашылық кездесу өткізді.
Кездесу барысында суретшілер, биылғы мерейтой иелері: 80 жасқа толған Николай Торшин және 65 жасқа толып отырған Юрий Новоселов өздерінің өмір жолдары мен шығармашылықтары туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Әрбір автор нағыз дарын, қайталанбас тұлға. Олармен қарым-қатынас кәсіби суретші – әріптестеріне де, өнерді сүйетін ортаға да қызықты.