Василий Афанасьев 1923 жылы 19 маусымда Қостанай облысының Затобол кентінде шаруа отбасында дүниеге келген. Сегіз жылдық білім алғаннан кейін Қостанай автокөлік жасағында электрші болып жұмыс істейді. 1943 жылдың наурыз айында Қостанай қалалық әскери коммиссариатынан Қызыл Армия қатарына әскери қызметін өтеуге шақырылады. Алғашқы әскери қызметін Бас Қолбасшы Резервіндегі 1840- шы танкке қарсы жойғыш артиллериялық полкте бастап, артиллерия барлаушысы және нұсқаушы мамандығын алады.
Ұлы Отан соғысының майданында 1943 жылдың маусымынан бастап болды. Воронеж майданындағы Курск шайқасына қатысты, осы соғыста топырақ астына көміліп, басы зақымдалған Афанасьевті көрші бөлімнің әскерлері кездейсоқ тауып алған, бұл кезде туыстарына қаралы хабар жіберіліп қойған еді. Емделіп, қайта қатарға қосылған Афанасьев Днепр үшін үшін болған ұрысқа қатысты, Лютежск плацдармында шайқасты, Киевті азат ету ұрысына, Житомир-Бердичев, Корсунь-Шевченко операциясына қатысты. Кейіннен ол қызметте болған полк 235-ші гвардиялық полк болып қайта құрылады. Осы полктің құрамында Афанасьев 1-ші Украина майданындағы Львов-Сандомир операциясына қатысады.
1945 жылдың қаңтарына таман гвардия аға сержанты Василий Афанасьев 1-ші Украина майданындағы 10 жеке гвардиялық танкіге қарсы жойғыш артиллериялық бригаданың 235-ші гвардиялық танкіге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің зеңбірекшілер тобын басқарды. Висло-Одер операциясында ерекше ерлікпен көзге түсті.
1945 жылы қақаған қаңтардың 12-нен 24-не дейін Афанасьевтің тобы 350 километрден астам ұрыс жолдарын жүріп өтті. Қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні Одер өзенінің жағасына шығып, неміс әскерлерінің бораған оғына қарамастан қолындағы зеңбірегін жұқа мұздың бетімен Гольчовице (Польша) ауданының басып алынған плацдармына қарай бұрды. Афанасьевтің зеңбірекшілер тобы бірнеше тәулік бойы қарсыластардың бірнеше шабуылын тойтарды, төрт пулемет нүктесін және 60-тан астам неміс жауынгерлері мен офицерлерінің көзін жойды. Висло-Одер операциясы барысында Афанасьевтің тобы жаудың 7 танкісін, ал жалпы соғыс бойына 18 неміс танкісін тарандады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен гвардия аға сержанты Василий Афанасьевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, кеудесіне Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» тағылды.
1945 жылы ақпанда майданда жүріп БКП(б) қатарына қабылданады. Берлин, Париж операцияларына қатысқан, 1945 жылы 9 мамыр – жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алды. Афанасьев сондай-ақ І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған. 1946 жылы гвардия старшинасы Афанасьев запасқа шығып, туған жері Қостанайға оралады. Елге оралған ол №18 қолөнер училищесінде тәрбиеші болып жұмыс істейді, кейін Қостанай ет комбинатының және №2 құрылыс тресіндегі №18 құрылыс-монтаж басқармасының кадр бөлімшесінде қызмет етеді. 1964—1984 жылдары ІІМ органдарында, Қазақ КСР-і ІІМ Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ-ның кадрлар басқармасында қызмет етеді, еңбек жолында милиция подполковнигі деген арнайы жоғары лауазымға дейін көтерілген. 1975 жылы Афанасьевке Қостанай қаласының және 1981 жылы Затобол кентінің Құрметті азаматы атағы берілді, аудан орталығындағы көшелердің біріне батырдың есімі берілді.
Афанасьев 1984 жылы құрметті зейнетке шықты, өмірінің соңғы жылдарына дейін Қостанай қаласында тұрды. 1988 жылы 1 мамырда қайтыс болды.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында В.С.Афанасьевтің жұбайы Т.Н.Афанасьева мен ұлы Е.В.Афанасьев және өлкетанушылар тапсырған батырдың марапаттары және марапаттарының құжаттары бар. №197 істе, №2 қор (Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жеке шығу тегі туралы құжаттарының жиынтық-қоры) 4 бет тігіліп, нөмірленген. Істе төмендегі мәліметтер сақталған:
- Батырдың өмірбаяны.
- Гвардия аға сержанты В.С.Афанасьевке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы марапаттау қағазының көшірмесі.
- Кеңес Одағы батырына сауалдама.
4 В.С.Афанасьевтің 1965 ж.13 наурызда «Ленинский путь» газетінің №50 (7738) санында басылған «Отан үшін – отқа!» мақаласы
С июня 1943 года — на фронтах Великой Отечественной войны. Участвовал в Курской битве на Воронежском фронте, в которой едва не погиб: будучи контуженным, оказался засыпан землёй и был случайно обнаружен солдатами соседней части в то время, как его родственникам уже успели отправить «похоронку». Вскоре вернулся в строй, участвовал в битве за Днепр, боях на Лютежском плацдарме, Киевской, Житомирско-Бердичевской, Корсунь-Шевченковской операциях. Впоследствии полк был преобразован в 235-й гвардейский полк. В его составе Афанасьев участвовал в Львовско-Сандомирской операции в составе 1-го Украинского фронта.
К январю 1945 года гвардии старший сержант Василий Афанасьев командовал орудийным расчётом 235-го гвардейского истребительно-противотанкового артиллерийского полка 10-й отдельной гвардейской истребительно-противотанковой артиллерийской бригады 1-го Украинского фронта. Отличился во время Висло-Одерской операции.
С 12 по 24 января 1945 года расчёт Афанасьева с боями прошёл более 350 километров, несмотря на бездорожье и распутицу. Выйдя к Одеру, Афанасьев в ночь с 23 на 24 января, несмотря на огонь немецких войск, переправил своё орудие на руках по тонкому льду на захваченный плацдарм в районе современного Гольчовице (Польша). В течение нескольких последующих суток расчёт Афанасьева принимал участие в отражении нескольких атак противника, уничтожил четыре пулемётные точки и около 60 немецких солдат и офицеров. Всего в ходе Висло-Одерской операции расчёт Афанасьева уничтожил 7 немецких танков, а всего за время войны — 18.
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 10 апреля 1945 года гвардии старший сержант Василий Афанасьев был удостоен высокого звания Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда» за номером 8928.
В феврале 1945 года, находясь на фронте, вступил в ВКП(б). Участвовал в Берлинской и Пражской операциях, 9 мая 1945 года встретил в Праге. Был также награждён орденами Отечественной войны 1-й степени, Красной Звезды, Славы 3-й степени, медалью «За отвагу», рядом других медалей, в том числе двумя иностранными. В 1946 году в звании гвардии старшины Афанасьев был уволен в запас, после чего вернулся в Кустанай. Работал воспитателем в Кустанайском ремесленном училище № 18, затем в отделах кадров Кустанайского мясокомбината и строительно-монтажного управления № 18 стройтреста № 2. В 1964—1984 годах служил в органах МВД, в управлении кадров УВД Кустанайского облисполкома МВД Казахской ССР, имел специальное звание подполковника милиции. В 1975 году Афанасьев стал Почётным гражданином города Кустанай, а в 1981 году — посёлка Затобольск, его именем названа одна из улиц районного центра. В 1984 году вышел на пенсию, жил в городе Кустанай (ныне — Костанай). Умер 1 мая 1988 года.
В фондах Костанайского областного историко-экспозиционного музея имеется награды и наградные документы Афанасьева В.С. переданные Афанасьевой Т.Н. - женой Афанасьевым Е.В. и сыном Афанасьева В.С. и краеведами. В деле №197, фонд №2 (фонд-коллекция документов личного происхождения Костанайского областного историко-краеведческого музея) подшито и пронумеровано 4 листа. В деле хранятся следующие материалы:
- Автобиография героя.
2 Копия наградного листа на гвардии ст.сержанта Афанасьева В.С., представленного к званию Героя Советского Союза.
- Анкета на героя Соетского Союза
4 Статья Афанасьева В.С. «За Родину – огонь!» опубликованной в газете «Ленинский путь» от 13-марта 1965 г. №50 (7738)