1 Жалпы ережелері
1.1. Конкурсты ұйымдастырушылар:
- «Qoloner» Қостанай облысының қолөнершілерінің қоғамдық қоры;
- Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
1.2. Осы ереже сәндік-қолданбалы шығармашылық конкурсын (бұдан әрі –Конкурс) ұйымдастырушылардың, конкурсқа қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін, конкурстың мазмұнын және өткізу тәртібін, ұсынылған материалдарды қарау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды.
1.3. «Жеті ата» конкурсына кез келген материалдан кез келген техникада орындалған жұмыстар қабылданады:
- ағаш, былғары, сүйек, пластика, қағазбластика, қамырпластика, моншақ өру, кесте тігу, табиғи материалдардан жасалған бұйымдар, илеу, флористика, шыныны әшекейлеу, суретті кілем және т.б.
1.4. Жұмыстар жеке және ұжымдық болуы мүмкін.
- Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес рухани құндылықтарды жаңартуға бағыттау;
2.2. Балалар қолданбалы шығармашылығын дамыту және дәріптеу;
2.3. Рухани-адамгершілікті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2.4. Отбасы ғұрпын нығайту, ата-анасына, ата-бабасына құрметті тәрбиелеу – «Жеті атаны білу – парыз»;
2.5. Шығармашылық және педагогикалық тәжірибемен алмасу;
2.6. Дарынды балаларды анықтау және қолдау.
- Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа қатысуға конкурсқа өз жұмысын, қатысуға өтінімді ұсынған және ұйымдастыру жарнасын төлеген авторлар жіберіледі.
3.2. Конкурсқа қатысушылар мына жас санаттарға бөлінеді:
- 5 жастан бастап 7 жасқа (қоса алғанда) дейінгі;
- 8 жастан бастап 9 жасқа (қоса алғанда) дейінгі;
- 10 жастан бастап 12 жасқа (қоса алғанда) дейінгі;
-13 жастан бастап 15 жасқа (қоса алғанда) дейінгі;
- 16 жастан бастап 17 жасқа (қоса алғанда) дейінгі;
- аралас ұжым. Ұжымның жас тобы қатысушылардың орташа жасы бойынша анықталады (ұжымның жас қосындысы қатысушылардың санына бөлінеді).
3.3. Конкурсқа қатысу – көзбе-көз.
3.4. Конкурсқа қатысу үшін:
I кезең:
- мына электрондық поштаға өтінімнің (1 қосымша) толтырылған бланкісін жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.;
- «KaspiBank» АҚ №5370400083140171 картасына 500 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын төлеуді растау (скан, скриншот немесе чектің фотосы).
II кезең іріктеу:
- Дайын конкустық жұмыстың фотосуреттері (кемінде бесеу, міндетті түрде түрлі-түсті) + конкурстық жұмысты дайындау процесінің фотосуреттері (кемінде үшеу, конкурсант-автордың қатысуымен міндетті түрде түрлі-түсті);
- Мағыналы ойын аша отырып, конкурстық жұмыстың қысқаша сипаттамасы (Word, қаріпі Times New Roman, 14 кегль. Көлемі: 1-2 бет) ;
- Өз жанұясымен таныстыратын әңгіме (жеті атасы туралы болғаны дұрыс).
Конкурсқа ұсынылған фотосуреттер бұйымның түрін, қажет болған кезде оның бөлшектерін толығымен көрсетуі тиіс. Фотосуреттерде бұйымның алдыңғы жағынан, бүйірінен, артқы жағынан көрінісін, ал бұйым жалпақ болса – алдыңғы жағынан көріністі және кері жағын қамтуы тиіс.
* Электронды түрдегі фотосуреттерге қойылатын талаптар:
Jpeg пішімінде, кемніде 300 dpi;
көлемі кемінде 2048\1536 пиксел.
Барлық құжаттар мен фотосуреттерді мына электронды мекен-жайға: 7ata_kost@mail.ru немесе «Жеті ата» конкурсына деген белгімен «Qoloner» ҚҚ кеңсесіне мына мекен-жай бойынша жіберу керек: 110000, Қостанай қ., Байтұрсынов көш., 72 үй, 404 кеңсе.
III кезең негізгі:
1) Фотосуреттер бойынша іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар бұйымдарды пошта арқылы жібереді немесе «Жеті ата» конкурсына деген белгімен «Qoloner» ҚҚ кеңсесіне мына мекен-жай бойынша жеткізеді: 110000, Қостанай қ., Байтұрсынов көш., 72 үй, 404 кеңсе.
2) Қатысушылардың жұмыстары бұйым бойынша және ұсынылған ақпараттық материалдар бойынша бағаланады.
3.5. Конкурсты өткізу мерзімі оны жариялау сәтінен бастап орташа алғанда екі айды құрайды:
- өтінімдерді қабылдау 15 наурыздан -15 сәуірге дейін;
- байқау жұмыстарын 15 сәуірден 10 мамырға дейін жинау;
- байқаудың финалы, 10-13 мамыр аралығында байқау қазылар алқасының қорытындысын шығару;
- байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау 15 мамыр;
- байқаудың финалистер мен жеңімпаздарының үш күндік қорытынды көрмесі.
3.6 Конкурс кезеңдері:
І кезең – дайындық кезеңі: конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау;
ІІ кезең – конкурстық жұмыстарды жинау;
ІІІ кезең – негізгі: Конкурстық жұмыстарды бағалауды өткізу және конкурстың қазылар алқасымен конкурс қорытындысын шығару;
IV кезең –ақтық кезең: конкурс қорытындыларын жариялау, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау.
Қорытынды көрме: Конкурс жеңімпазы болған жұмыстар және фотосуреттер бойынша іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында үш күнге ашылатын экспозицияға енеді. «Жеті ата» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінің күні туралы қосымша хабарланады.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау
4.1. Жұмыстарды бағалау өлшемшарттары:
4.1.1. Техникалық өлшемшарттар:
- шеберлік деңгейі, таңдалған техниканы, материалды игеруі;
- орындау сапасы;
- дайындау күрделілігі;
- жұмыс көлемі.
4.1.2. эстетика, дизайн:
- бұйымды безендіру;
- көркемдік мәнерлілігі;
- көркемдік шеберлігі: түс және композициялық шешім;
- бұйымның стильдік, көркемдік және бейнелі шешімінің бірлігі.
4.1.3. Жұмысты орындауға шығармашылық тәсілдеме:
- ой және іске асыру бүтіндігі;
- ойдың сонылығы мен оны көркем іске асыру;
- халық дәстүрлерін, тәсілдерін пайдалану;
- авторлық бірегейлігі.
- Конкурстың қазылар алқасының құрамы
5.1. Ұйымдастырушылар педагогтар, қолданбалы қолөнершілер, суретшілер және облыстық мәдени қайраткерлері ішінен қазылар алқасын құрады. Қазылар алқасының құрамы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтында http://kraeved-kst.kz/ru.html. және «Qoloner» Қостанай облысының қолөнершілерінің қоғамдық қорының әлеуметтік желілердегі парақшаларында: Вк-Qoloner kst, Instagramm – qoloner.kst, Одноклассники- Qoloner (қолөнершілер қоры) ұсынылады.
5.2. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шығармашылығын 10-балдық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған балдардың нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздары анықталады.
5.3. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда, Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
5.4. Қазылар алқасының шешімі ақырғы және қайта қаралуға жатпайды.
5.5. Барлық деректер жиынтық кестеге енгізіледі. Орташа арифметикалық мағынасын пайдалана отырып, жеңімпазды және конкурсқа қатысушылардың кейінгі дәрежелері анықталады.
5.6. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің аттары конкурс қорытындыларын шығарғаннан кейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтында http://kraeved-kst.kz/ru.html. және «Qoloner» Қостанай облысының қолөнершілерінің қоғамдық қорының әлеуметтік желілердегі парақшаларында: Вк-Qoloner kst, Instagramm – qoloner.kst, Одноклассники- Qoloner (қолөнершілер қоры) жарияланады.
5.7. Салтанатты марапаттау және конкурс жеңімпаздарын және фотосуреттер бойынша іріктеу кезеңінен өткен қатысушылардың жұмыстарының қорытынды көрмесі конкурстың ақырғы кезеңі болып табылады.
6 Марапаттау:
6.1. Конкурсқа қатысушыларға қатысушы дипломы беріледі.
6.2. Конкур жеңімпаздары әр санат бойынша анықталады, I, II, III орынға ие болған жеңімпаздар дипломмен, сондай-ақ арнайы сыйлықтармен марапатталады.
6.3. Конкурстың жұмыстың жеңімпазының жетекшісі (кураторы) бар болған жағдайда, куратор сертификаты беріледі.
6.4. Конкурс қорытындылары бойынша конкурсқа қатысушылардың жұмыстары енетін «Жеті ата» конкурсы жұмыстарының альбомы-каталогы басылып шығарылады.
- Авторлық құқық/ материалдық жауапкершілік
7.1. Конкурс жұмыстары жеңімпаздардың жұмыстарынан басқа, шығармашылық қызмет өнімі және автордың материалдық меншігі болып қалады. Қатысушы конкурстық жұмысты табыстау сәтінде өзінің авторлығын растайды. Конкурстың ұйымдастырушысы нәтижелерді жариялау құқығын алады.
7.2. Ұйымдастырушылар автордың келісімінсіз, бірақ оны толық көрсетумен, авторлық сыйлықақыны төлеусіз, дәріптеу мақсатында жұмыстарды көрсету құқығын өздеріне қалдырады.
7.3. Жеңімпаздардың жұмыстары жоғары шеберлік үлгілері ретінде әртүрлі көрмелерде одан әрі экспозиция, каталогтарда және әртүрлі басылымдарда жариялау үшін, кейінгі «Жеті ата» конкурстарында үлгі ретінде және конкурстың үздік бұйымдарының мұражайын қалыптастыру үшін қорда қалады.
Ескерту: Конкурсқа қатысу ерікті және қатысушылардың осы Ереженің әр тармағымен танысуын және толық келісуін тұспалдайды.
Сіздерге жеңіс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Құрметпен, «Qoloner» қоғамдық қорының ұйымдастыру комитеті
Байланыс деректер: «Qoloner» ҚҚ Қостанай қ. Байтұрсынов көш., 72, 404 кеңсе Конкурстың ұйымдастыру комитетінің телефоны: +7 775 790 95 57, + 7 705 510 94 14 e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
|
Деректемелер: «Kaspi Bank» АҚ карта №5370400083140171 ЖСН: 700323350683 ДК «Бейсенбаев А.А» КБе -19
|