14 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Жазғы оқу залы таза ауада «Open-air»» жобасы аясында жазғы кітап оқу маусымының ашылуына қатысты. Жобаны ұйымдастырушы - «Южный» ҚБ кітапханасы.
Іс-шараға қатысушыларға музей қызметкерлері «Қостанай облысының қасиетті жерлері» жылжымалы көрмесін ұйымдастырып, облысымыздың жалпыұлттық маңыздағы 10 қасиетті нысандары туралы әңгімеледі. Оқушылар өңірдің киелі орындары туралы қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып, ел тарихымен қаныға түсті.