Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының мәдениет күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері

18.06.2018
Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі  Астана қаласының мәдениет күндері аясында  «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері

2018 жылдың 18 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері өтті.

Көрмеге Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 60-қа жуық жұмыстары ұсынылды, оның ішінде: Р. Күлбатыров, С. Смағұлов, М.Бекеев, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов, Р.Слекенов, А.Қазығұлов, К.Базарғалиев, А.Сыдыханов, Ж.Мүсәпір, Н.Бубэ, З.Қожамқұлов, Б.Бүрдесбеков, А.Құлбай, А.Ақанаев, А.Смағұлова, А.Есдаулетов, Е.Сидоркин, К.Кузнецов, К.Каметов, Е.Оспанұлы, К.Муллашев және тағы басқалар. Сондай-ақ, Ж. Спунердің жеке коллекциясынан және Астана суретшілерінің M. Байбосынов, Ө.Тлеулиев, Д. Макин, Д.Нүгер және мүсіншілер Т.Ермеков пен С.Смағұловтың жұмыстары қамтылған.

Көрмеде көрсетілген шеберлердің әрбір буыны өздерінің қайталанбас ерекшелілігін бейнелейді. Қазақстанда қазіргі заманауи бейнелеу өнері, тәуелсіздік жылдарындағы өз дамуының жаңа кезеңінде жалғасын тауып, ұрпақ пен болашақ арасындағы үздіксіз үндестікті көрсететін, зор шығармашылықтың белсенділігін айқындайды.