2017 жылдың 24 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларының қатысуымен жұқа киізден кәдесыйлар, ойыншықтар жасау бойынша «Жұқа киізден жасалған ғажайыптар» атты шеберлік сағаты өтті.
Қазіргі уақытта көбісі жұқа киізден әшекейлер, кәдесыйлар, ойыншықтар жасаумен айналысады. Бір кезде ұмытылған жұқа фетр қайта жанданды. Бұл қолөнер үшін мінсіз материал. Жұқа киіз-түрлі-түсті, ашық және қолайлы материал. Одан көз тартарлықтай әсем бұйымдар жасалады.