2017 жылдың 30 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Үзілген үміт» атты кеш өтті. Кешке ҚМПИ оқытушысы, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Майсара Жауғаштықызы Бекмағамбетова шақырылды.
Кешке ҚМПИ студенттері және автомобиль-көлік колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында «1930-1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Сонымен бірге 1930-1950 ж. КСРО-дағы және Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы облыстық музей қорынан материалдар мен мұрағат мәліметтері бойынша компьютерлік тұсаукесер көрсетілді. Кеш аяқталғаннан кейін музей қорындағы материалдардан 1930-1950 ж. саяси қуғын-сүргін туралы «Қасіретті жылдар естелігі» атты фото-құжаттық көрмені тамашалады.