Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қанафия Телжановтың кескіндеме туындылары» атты музей сабағы.

29.05.2017
«Қанафия Телжановтың кескіндеме туындылары» атты музей сабағы.

КСРО халық суретшісі, ҚКСР халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қанафия Телжановтың (1927-2013) өмірі мен шығармашылығы жаңа музей сабағының тақырыбы болды.

Биылғы жылы суретші 90 жасқа толар еді.

Қанафия Телжанов туралы сөз қозғағанда, оның бояуларды пайдаланып, суреттерді сезіммен салатыны туралы айтылатын. Оның туындыларыҚазақстан туралы ән салып тұрғандай.

Көрермендер -Русин атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының назарына музей қорынан суретшінің «Үгітшінің жайлауға келуі» және «Жастар» деп аталатын туындыларының түпнұсқалары ұсынылды.

Музей сабағы барысында жас суретшілерҚанафия Телжановтың шығармашылық жолының негізгі кезеңдері туралы мағлұмат алды.