Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жыл құсы - 2021»

15.03.2021
«Жыл құсы -  2021»

2021 жылы 12 наурызда «Қостанай облысының табиғат байлығы» залында «Жыл құсы» көрмесі жұмысын бастады.

Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп түрлердің проблемаларына назар аудару үшін жыл сайын «Жыл құсы» ақпараттық науқанын өткізеді. Орнитологтар кандидаттарды ұсынады, ал ҚБСҚ мүшелері жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтайды. 2021 жылғы жыл құсы болып бірқазан таңдалды.

Қазақстанда аталған құстың екі түрі мекендейді: қызғылт бірқазан  және бұйра бірқазан, екеуі де ҚР Қызыл кітабына енгізілген, бірқатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тіршілік етеді. Бірқазандар санына су қоймасының жағдайы, су деңгейінің жеткіліктілігі, судың тазалығы да әсер етеді. Жақсы тамақтану өте маңызды, яғни балық қоры жеткілікті болуы тиіс. Бірқазандарға әсіресе мазасыздық факторы, соның ішінде бақыланбайтын балық аулау әсер етеді. «Бірқазан жылында» негізгі су айдындарын қорғау тәртібін қамтамасыз ету, балық аулауды реттеу жұмыстарын күшейту жоспарлануда, бұл тек бірқазандарға ғана емес, сонымен қатар суда жүзетін және су маңы құстарының көптеген басқа түрлеріне де көмектеседі.

Көрмеге музейдің қор жиынтынан алынған фотосуреттер, сондай-ақ келушілерге арналған ақпараттық кітапшалар қойылды. Көрме жыл бойы жұмыс істейді.

 

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/1026731811151034 https://www.instagram.com/tv/CMUXjqjgp2K/?utm_source=ig_web_copy_link https://vk.com/video397862586_456239315?list=beae5535afcd052ddf

Галерея изображений