Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мұның бәрі – көктем!» - Халықаралық 8 наурыз мерекесіне арналған қостанайлық суретшілердің көрмесі.

09.03.2021
«Мұның бәрі – көктем!» - Халықаралық 8 наурыз мерекесіне арналған қостанайлық суретшілердің көрмесі.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде 2021 жылдың 5 наурызынан бастап көктемнің ең әдемі мерекесі - Халықаралық әйелдер күні қарсаңыңда «Мұның бәрі көктем!» атты көрме өз жұмысын бастады.

Экспозицияда келушілер назарына қостанайлық суретшілердің түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған жұмыстары ұсынылған. Бұл пейзаждар, портреттік жұмыстар, натюрморттар және тақырыптық суреттер. Көрмеге ҚР Суретшілер Одағының мүшелері: Н. Торшин, Г. Соков, В. Быков, А. Захарченков, С. Шалунова, Б. Баталова, Н. Халифаева, Т. Баринова, С. Каратаева және тағы басқалар қатысады. Атақты шеберлермен бірге көрмеге Е. Кислицин, Н. Долгушина, А. Нұркенова, Е. Садовникова, И. Жұматаева, И. Яковлева, У. Гусманова, А. Ковтонюк, А. Лендов сынды жас авторлар да өз туындыларын ұсынды.

Қыс аяқталып, онымен бірге бұлтты күндер, қайғы мен мұң да кетеді, күн шуағын шашып жарқырап, жылынады және ұзарады. Барлық жастағы суретшілер үшін көктем тақырыбы әрқашан ең сүйікті тақырыптардың бірі. Дәл осы уақытта табиғатта буырқанған алуан түрлі түстер мен мыңдаған реңктер үйлесімділікпен жарқырай түседі. Қостанайлық суретшілер өздерінің суреттерінде түрлі түсті аккордтарды жаңа түстермен байытқан.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.