«Өмір белестері» көрмесінің авторы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.Соковпен кездесу

16.02.2023
«Өмір белестері» көрмесінің авторы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.Соковпен кездесу

2023 жылғы 16 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің  экспозициялық залында «Өмір белестері» көрмесінің авторы, Қостанай облысының Құрметті азаматы, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен онлайн және офлайн форматта кездесу өтті. Суретшімен  кездесуге  шығармашыл әріптестері, Қостанай өңірлік университетінің тарих және өнер факультетінің студенттері, А.И. Никифоров атындағы Қостанай көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.

Георгий Соков - бейнелеу өнерінің алуан түрі графика, кескіндеме, монументалды өнер және сценографияда жұмыс істейтін Республикамыздағы белгілі суретшілердің бірі. Георгий Соковтың шығармашылығы жоғары кәсібилікпен, еңбекқорлықпен ерекшеленеді. Суретші өнердегі жарты ғасырлық қызметі барысында 600-ден астам туынды жасаған.

 

«Өмір белестері» көрмесінің авторы Георгий Михайлович Соковпен кездесу жылы шырайлы, достық жағдайда өтті.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін217   Кеше234   Бір аптаның ішінде1590   Айында710   Барлығы309868  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі