Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауов пен «Arlan Design» студиясы оқушыларының «БАБАЛАР ІЗІМЕН» көрмесі

17.03.2023
Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауов пен  «Arlan Design» студиясы оқушыларының «БАБАЛАР ІЗІМЕН»  көрмесі

2023 жылдың 17 наурызында сағат 15.00-де Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында суретші-қолөнерші Арлан Аңқауов пен  «Arlan Design» студиясы оқушыларының «БАБАЛАР ІЗІМЕН»  көрмесі ашылды.

Көрме көктемгі жаңару мерекесі Наурыз қарсаңында ашылды. Суретші-қолөнерші Арлан Аңқауов мереке күндері ұлттық тақырыппен үндескен шығармашылық жұмыстарын көрермен назарына ұсынды. Автор халықтық қолданбалы өнер дәстүрлерін ұстана отырып, ұлтымыздың алуан түрлі көркем мұрасын өз шығармашылығына енгізген. Суретші өз туындыларын түпнұсқа аппликация техникасында жасайды, негізгі материал қой жүнінен жасалған табиғи жүн талшығы. Жұмысқа материал ретінде қой жүнін таңдауы кездейсоқтық емес. Көрмеге анасы Аңқауова Балдырған Қабдолқызының кілем композициялары да қойылғана. Анасының қолынан шыққан кілемдер - көрме авторының шығармашылығына сарқылмас қуат береді.

Көрмеде Арлан Аңқауованың картиналарынан бөлек, оның шәкірттерінің жұмыстары да ұсынылған. 

 

«Бабалар ізімен» көрмесі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің бірінші қабаттағы көрме залында бір ай бойы жұмыс істейді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін247   Кеше265   Бір аптаның ішінде512   Айында6527   Барлығы308790  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі