Кеңес үкіметінің аграрлық саясатының басты бағыты тың және тыңайған жерлерді игеру болды. 65 жыл бұрын 28 ақпан күні Қостанайға алғашқы тың игерушілердің бірінші эшелоны Украинадан келді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де «Тың жастары» атты музей сабағын өткізді. Студенттер Қостанай облысының алғашқы тың игерушілерінің қажырлы еңбегі туралы дәріс тыңдады. Тың және тыңайған жерлерді игерудің бастапқы кезеңіндегі қиыншылықтары мен одақтық науқанға айналған осы алып жобаға қосқан қазақ жерінің үлесі туралы айтылды.