Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Әр жүрекке сый арқылы» атты кеші

01.03.2019

Алғыс айту күні бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті елге және қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Алғыс күніне арналған «Әр жүрекке сый арқылы» атты кеш ҚР ҰҚҚ ШҚ 2131 ә/б әскери қызметкерлеріне ұйымдастырылды. Кешке шақырылған қонақтар: Қазақстан корейлер қауымдастығының облыстық филиалының мүшесі - Л.С. Цхай, «Шарк» тәжік-өзбек ЭМБ төрағасы - Э.Холметов, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ аға оқытушысы - Д.Д.Қалиев Қазақстанға жер аударған халықтардың тарихы туралы, оларды қабылдап, аяққа нық қойған жаңа отандағы адамдардың болашақ тағдырлары жайлы әңгімелеп берді.