Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

22.08.2022
Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

2022 жылдың 20 тамызында Гашек көшесі бойындағы жағалада Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» V Халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі өтті. Фестиваль тарихи реконструкция және археологиялық эксперимент негізінде қола дәуірі, темір дәуірі және орта ғасырлардағы технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған.

Фестивальдің құрметті қонақтары - ЮНЕСКО-ның Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтының қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Л.Х. Абдуллаева (Самарқанд қаласы, Өзбекстан); Қазақ спорт және туризм академиясының Туризм ҒЗИ-ның жетекші экскурсия жүргізушісі-әдіскер, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің мүшесі Б.К. Оразымбетова; ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра Ұлттық комитетінің сарапшысы, Тур Хейердал атындағы «DESHT-THOR» ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялардың Халықаралық фестивалінің авторы Э.Р.Усманова.

Ресей Федерациясының Челябі қаласынан археолог-жаңғыртушы, «Археос» эксперименттік археология қауымдастығының жетекшісі И.А. Семьян өзі жаңғыртқан қола дәуірінің күймесін көрсетіп, көне ұстаханада металл балқыту бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сақ жауынгерінің киімі мен қару-жарақтарының жаңғыртпаларын, садақ атуды алматылық суретші-жаңғыртушылар Байдаралин Данияр мен Байдаралина Асылгүл ұсынды. «Темір түмен» тарихи-реконструкциялық клубының мүшелері көне дәуірдің әскери өнері мен қатпарлы сауыт жасау технологиясын көрсетті. Халықаралық деңгейдегі зергер И.Казаковтың терең архаикалық мәнге ие туындылары ұмытылмас әсер қалдырды.

Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы А.Бекқұлова, белгілі суретшілер С.Каратаева, С.Ұзақов, С.Шалунова, М.Рахалиев, киіз өңдеудің бірегей технологиясын жасаушылар қолданбалы суретшілер ағайынды Аңқауовтар, қолданбалы шеберлер А.Диханбаев, Т.Божақов, А.ТөңкерІс, С.Кенебаева, Л.Әби, Ү.Бығысбаева, М.Байзақов, Н.Орынбасарова, Б.Аңқауова өз жұмыстарын ұсынып, шеберлік сабақтарын өткізді.

 

Фестивальдің барлық қонақтары үшін қазақтың ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.