1 маусым - Балаларды қорғау күнінде көпбалалы отбасы балаларына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық залдары бойынша квест-саяхатқа қатысу мүмкіндігі берілді, олар өз қаласының тарихымен толығырақ танысып, өлкетану бойынша білімдерін толықтырып, соңында «Шытырман оқиға іздеуші» дипломымен марапатталды. Квест ойынға қатыса отырып балалар музей жәдігерлерімен эмоционалды түрде танысып, музейді шытырман оқиғаға толы әлем ретінде қабылдай алды. Саяхат соңында барлық тапсырмаларды орындап, профессордың бірнеше жыл бұрынғы жазбасын қайта тапқан қатысушыларды түрлі сыйлықтар және сабын көпіршігі шоуы, балалар әндерінен караоке, көңілді би, асфальтқа сурет салу сияқты ойын-сауықтар күтті. Музей холында және ішкі ауласында «Аквагрим» студиясы, «Қолмен ұстауға рұқсат» атты ойыншықтар көрмесі, ойын және суретке түсу алаңдары ұйымдастырылды.
Балалар мерекесінің кішкентай қатысушылары уақытын көңілді де қызықты өткізіп қана қоймай шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ойын түрінде білімдерін тереңдете алды.